Тұрмыз, міне, вокзалда...
ал, вокзалда тұру деген жоқ заңда:
әлдебіреу жалтаң-жұлтаң қағады,
сықыр еткен кей ботинка табаны
жұртты өзіне бір қаратып алады.
Ел тып-тыныш.
Сабыр тауып үлгірген
өсекші тұр білгірмен,
көңілдері қояды тек өрепкіп.
Талай көзден әрі де өттік, бері өттік.
Біреу тауып бірге оқыған құрбысын,
қара шылым сыйлап тұрды бір қысым.
Айрылысқандар бұдан талай жыл бұрын,
қайта туып табысатын күн бүгін!
Ал, мыналар бір қалада жүрсе де
өте сирек көреді екен бір-бірін.
Басқа жерде кездессе олар
сол үшін
білер еді-ау бокалдардың толысын.
Бірін-бірі шығарғандар сапарға
ғашықтарша қымсынысып тұр жайсыз,
бір-біріне жымияды ыңғайсыз...
кош! деуге де ыңғайсыз,
тос! деуге де ыңғайсыз,
неткен тірлік тұрлаусыз!
Әлі тұрмыз вокзалда.
Шығарған жұрт,
қарсы алған жұрт – со қалпы –
біреу – тауып,
біреу жатыр жоғалтып.
Куаныш боп атар таң жоқ сары алтын,
батар мұң жоқ не малтып,
бір бұрышта жаудай қарап жолдасқа
бөтелкенің аузын сүйгеннен басқа
тимеді-ау, дос, саған түк.
1963, 1982