Әй, осы бір... буын деген бір «бәле»
әкелді екен жырға не.
Он бір, сегіз.... шыдай алман, әй тегі,
ал егерде он бес болса қайтеді?

Жоқ!. Болмайды – болмайдыға көнбес те ем,
Абай аға жазған болса он беспен.
Тоғыз болса үшеуі асып кетеді,
алтау болса – жетеді.

Буын, буын емес сенің мазағың,
(мазақтауға болады ғой бірақ та).
Қандай ғажап құйылады құлаққа
«Мен сәлем жазамын».

Олай болса мен сәлем айтамын,
сол бір сыншы жолдасқа:
мазмұнда екен бар керемет– байқадым,
сыншыда да мазмұн деген болмас па!

Буын санап саусақ бүккен бір қырсық
шыға келді тағы алдымнан білгірсіп.
Бір буының асып кетсе –
бір апта
дау соғады: жақпайды деп құлаққа.
 

Бақсам оның құлағында екен таланты,
мен батыппын босқа ойға.
Құлақ деген – мықты талант, тегінде,
Бірақ Бас қайда!

1963, 1982