Сілкіп тастап шаштарын,
ойнап оқып жатқа жыр,
лекциядан қашқаны –
Бас почта жақта жүр.

Галстукті сүйірлеп,
бәтіңкені сүйірлеп;
сүйір жігіт, келеді
ЖенПИ жақка үйір боп.

Кербездер аз шынында,
ең кербезі – қырсызы,
жарайды ол да, шығуға
Тюз-дің алдын бір сүзіп.

Ал, біреуге
ауырлау
кино көру «батты» әзір;
содан кейін ауылға
уақыт жоқ деп хат жазу.

1967, 1982