Ақ қайыңның әр бұтағы қайғы ілді,
аққуыңның бір қанаты қайрылды.

Ар деген бір асыл бар-ды – аттады,
жар деген бір жасыл бар-ды – таптады.
Түрме болып кетті бір ел, бір есік
тағы да бір боздағыңды жапты, әне.

Өз Отанын өзі шауып жатқаны –
бір түнеріс, аңдыс, қырқыс – тап бәрі,
емшектесін оққа байлап атқаны –
елдің дәмі емес шығар татқаны?!

Келеді анық тосқан бақыт бір күні,
күйеді анық күншілдердің кірпігі:
Паблоның өлеңдері жүр тірі,
Паблоның өлеңдері жүр тірі!

1978