Бір мейірім төгіп тұрды күн-дағы,
Бүкіл дүние шуақ әнін тыңдады –
Бір тал қу шөп басын жерден көтерді,
Бір түйір дән аунап түсті құмдағы.
Алатаудың бұлт-шарқатын жел түрді,
Ол – көңілді бір үмітпен толтырды.
Күн мейірлі, мейірленді жер-әже,
Қос мейірім арасында мен тұрдым...

1965