Көк жұлдызы сәл жымиып күлсе егер,
шапағаты жұртқа тиер:
әлсіздеу бір нұр себер.
Жә-жә, қарсы дау айтпаңыз бұған сіз –
емес, емес, емес, емес нұр әлсіз,
әлсіз еткен алыстығы жұлдыздың!
Жаттап өскен қағидамыз бұл біздің!
Мынау адам жылы сөзін бір беттік
айтып қашан болар екен міндет қып:
сені,
сені қызықтадым түнімен,
жанған жұлдыз құлағымның түбінен!
Шарапатың шар-тарапқа төгілген,
азаматтық, кісіліктер көгінде,
сен, сен алыс жұлдыз болдың тегінде,
сен жанбасаң – мұндай болмас едім мен!
Арамшөптей аласталған егіннен
көз түрткі боп қырқылуға шақ қалдым:
кереңдерге айтқан арыз, шаққан мұң
кещелердің ауызында жатталды.
Сонда тиген шапағатың санаса
шашым жетпес!
Тамаша, деп, тамаша
мәз болсам мен: «астро-но-мия-ны» оқып,
көкке қарап қол шошайтқан балаша...
1983