Әлденеге соғып алып тізесін,
Келін жүред ауырсынып, ыңырсып.
– Енең келді, келін, тез-тез жүгір, шық,
Жіп иіртіп ала ғой тез бір ұршық!
Қалада өскен келін нені біледі,
беті түгіл, ернінің
бояуы анау – бір елі:
енең келді деген шақта – кіржиіп,
жіпті айтқанда – жымың етіп күледі.
Ей, енелер, жібіңді иір, бала бақ
өз үйің ғой, бейнетіңе – қанағат!
Келін де – ене сыйлайды ғой,
ұлының
жылт-жылт еткен өкшесіне қарап-ақ.
Енесі мәз:
– Келінімнің жаны асыл, –
деп қалбақтап
көріп жатыр тізесінің жарасын, –
жүдеп қапсың, қарғам, – дейді,
дейді нұсқап мен жақты –
ұрттап алып көп тиісті-ау, шамасы?!
Кемпір мықты, күшеймесе жөтелі –
келініне келін болып кетеді.

1983