Ақылдыны көрсең сен — бір сөзіне жарап қал,
енді қайтып сен оны көресің бе,
                                               қарап қал.
Ақымақты көрсең сен — күліп опа таппайсың,
үйткені оны «құдай» да күліп тұрып жаратқан.

Қайғылыны көргенде көз жасыңды сүртіп өт,
күңгірт тартқан көңілі бір сүйеніш тұр тілеп.
Айналаға көрінбеу үшін ерсі-түрпі боп,
бақыттыны көргенде күліп бұрыл,
күркіреп
асып-тасқан көңілі бір қошамет тұр тілеп.

1969, 1982