Көрпе, жастық суырып безек қағып,
сен сөйлесең сенеді кезек талып.
Шайын құйып шамасын қылтылдатып,
қазанының астына тезек салып.

Кіршіксіз жан сенгіш қой өтірікке,
сенеді деп сөйлейсің көпіріп кеп.
Өтінеді аңқаулық, адалдықтар:
«айналайын, қонып кет, отырып кет!»

Ылғи сәби қайтеді қате көріп,
қатем жоқ деп қайтасың мәпеленіп.
Сәби-жанды аулыңды көрген шақта,
«Сақалыңды» сипайсың әке болып.

1969