Сан олақтық,
сан «қырсық»
құтқармапты қайдан да.
Кірісіп ем алғырсып
осынау бір майданға.
Тану үшін бір қарап
ақыл сыртын
айла ішін,
керек екен жырға да,
бес қаруы сай кісі.
Мынау келген қай жасық
демесін деп бір текті,
тәуекелдің найзасын
тәңіріге сілтеппін...
Ұйқас деген мылтықты
жойдың десе, сыны — шын.
Майырылып құртып тұр,
теңеу деген қылышым.
Барын жойған тойменен
солдатқа мен барабар.
Әйтеуір сол ой деген
гранатам ғана бар.
1969, 1982