Жыл құсындай келген ой қайтпас үшін, асылы
бір қызуың жатқаны дұрыс екен жасырын.
Бір сұлудың аулында жүргені жөн дүрілдеп,
қазығыңнан ат кетіп қалмас үшін түбінде.
Гүрлеп аққан бұлағың кеппес үшін тандыр боп,
бір Алатау айбат қып тұрғаны жөн алдыңда.
бір досыңның сен үшін жүргені жөн дірілдеп,
қонақ кетіп төрің бос қалмас үшін түбінде.
Түнде үйінде көлеңке жортпас үшін қараңдап,
бір қабаған итіңнің болғаны жөн қораңда.
Шамы жанбай шабыттың алыс қонса жыр аулы,
домбыраңның құлағы болғаны жөн бұраулы.
1969