Түнімен жыр жазғанда шаршап, талып,
ойларың жүгіреді әр саққа анық,
Бір ойың жетелейді Ғамзатовқа,
бір ойын, жөнеледі Маршакқа алып.
Бір ойың Абай, Тоқай, Мақтымқұлы,
бір ойың Есенинге қапты ұмтылып.
Бәрінен бата тілеп отырғанда
лай ғып өз жырымды аппын тұнық.
Ойлардың бақыт деп ек тереңдігін,
саяздап кетті бірақ өлеңде ұғым.
Тұндырып лайларды мөлдіретіп,
тереңнің түбін іздеп келем бүгін.
1969, 1982