Оң жағыңда ілулі тұрған жердің картасы,
өзендері тентектеу – кететіні бар тасып.
Сол жағыңда іліулі Лениннің бейнесі, –
сенің тілің шықты осы суретпен «сөйлесіп».

Оң жағыңда ілулі туған жердің картасы,
самал сипап жатады көгалының арқасын.
Сол жағыңда Ильичтің суреті тұр ілулі, –
содан үйрендің-ау сен сүйкімді боп күлуді.

Оң жағыңда ілулі Отаныңның картасы,
жұдырығын жауларға түйіп жатыр әр тасы.
Сол жағыңда ұлы адам рамкада бояулы, –
мейірімнің шуағы жүзінде әлі ояу жүр.

Адам болсақ біз осы – мейірімнің арқасы,
ақын болсақ біз осы – туған жердің арқасы.
Лениннің бейнесін көшір ұлым, көзіңе,
жақсы білгің келсе егер Отаныңның картасын.

1969