Менде бар бір ауру,
қайтесің, сұрама.
Дәрісі тұмаудың
ем болмай тұр оған.

Бір жарам бар әлі,
жара ма?
Сұрама.
Дәрісі жараның
ем болмай жүр оған.

Жылы сөз асырап
жүр мені,
сонан ба –
жасыра-жасыра
ұлғайды жарам да.

Ауырдым тегі мен,
бәр-бәрін сезем деп,
жазбаса сені мен
мезгілдің өзі емдеп.

1969, 1982