Алматыдан қараса
аулым қандай аласа.
Сағынбас ем мен аса,
Алматыны одан тамаша.

Сағынбас ем – аңсаймын,
(қойды-ау тұрмыс та оңбай бір)
барар едім ай сайын,
жағдайым болмай жүр.

Онда әже көп,
сәлемі
түзулерден дәмелі;
сәлем берер әуелі
үлкен кісі бар еді.
Мұнда да жұрт түсінед
сәлемнің не көкесін.
Ал көбіне кісі боп,
басыңды изеп өтесің,
Онда достар күмбірлеп
бір күліп ап,
сіреспе
белбеу буып,
бір-бірлеп
шығатұғын күреске.
Күрес те бар,
бірақ та
формасы оның өзгерген:
күресесің бұ жақта
қызыл-қызыл сөздермен.
Әнші қыздар кешқұрым
жібермейтін сөзге есе.
Мұнда да өлең естідім,
бірақ ол жыр өзгеше.

Бәрі – менің аулымда,
дайын шай мен сыра тұр.
Қарындас та бар мұнда
қалжыңдасып тұратын.

Мұнда бәрі әдемі,
тек бір нәрсе жетпейді.
Боталардың әуені
құлағымнан кетпейді;

Енді барсам мен оны
Құшақтар ем түсіне,
сонсоң сәлем берер ем
әкемді көрген кісіге.

1967