Уақыттың бестен кейін бос болғаны
емес пе жамандығы дастандардың?
Уақыттың бестен кейін бос болмағы
демек пе ең күйшінің де қасқайғаны?
Жо-жо-жоқ,
Жұртпыз ғой біз,
өрепкіп бір
көкірек нәр іздейді ерек тіпті.
Сондықтан концерт залдар толмай жатыр,
Стадион кеңейтуді керек қып тұр –
Футболға көп барамыз.
Достар, бәрің
жүріңдер, қызу айқас басталды, әне.
Қалидың күй шерткені – тамаша ғой,
Тимурдың қызық одан доп салғаны...
Уақыт бос бестен кейін десе біреу,
Футболдан дауламасам да есені мен,
уақыт босады ма деп қорқамын
Концерт пен кітап оқу есебінен.
1967