Жатса да сын айтылып, «шатақ» болып,
Жыр бастырдық, шыққанын атақ көріп.
Бақсақ біз: жүріппіз ғой,
Сыншыларға
Аяқтан өзімізді матап беріп.
Ғашық қып ду-ду еткен жыр кештерді,
Асықтық: құрбы алдында бір бөскелі.
Бетіңе күлсе біреу– күндес дедік.
Сыртыңнан тілсе біреу – тілдеспедік.
Әйтеуір айттық қой деп шыншылдықты;
Қалай айттық?
Жұмыс жоқ.
Тылсым жұттық.
Неғұрлым осал жазсаң,
Солғұрлым да
Көрініп қалады екен сыншың мықты.
1967