Алатау, деймін,
Алатау деймін...
Не түсіндің бұ дүниеде – ұлы болып, Алатау,
Не тындырдың мына әлемде – шыңы болып, Алатау.
Шыңы болсаң – жанды да ұқпай шығандаған
шығарсың.
ұлы болсаң – жаңғырықпай тұра алмаған шығарсың,
Мұнар басқан қар шыңдарың – тыйылғаның болды ма,
сол мұнардан аршылғаның – жымиғаның болды ма,
Тыйыла алсаң, неге адымдап жүре алмайсың, Алатау,
жымия алсаң, неге ағындап күле алмайсың, Алатау.
Аталы ер, сен! тұйық қарап сонша күні төменге,
Жата берсең ұйып қалар қаншама ұлы денең де.
Сүгіреттей сұлулықтың киіп алып атағын,
Қыбыр етпей қыңыр шыңдар әлі қанша жатады?!
Сені демеп «бата беріп» қанша түн мен күн кетті,
Неге керек жата беріп ұлылықты міндет қып!
Салып қалсаң – өз бетің жоқ – тасқа тидім
нән шыңдар,
Жаңғырықтан өзге түк жоқ, босқа тұрған жансыңдар.
Тербетейік көгіс тасты –
Тартыс керек, жел керек,
кел, кетейік, қол ұстасып,
кетейікші кезбе боп!..

Алатау, деймін,
Алатау, деймін...

1967