Күзетшіге

Жаппай-ақ қой қораны да,
бақпай-ақ қой түрме есігін.
Түн – тым суық, оранып ап,
ұйықташы, дос, бір көсіліп.

Әр дыбысқа қарай қалып,
әуре болма, не түңілме.
Шылымды әзір сор ойланып,
кейін ойсыз өкінуге.

Көп қадалма қыр ұлына –
Көзінді құр талдырады.
Өзім кетсем, орыныма
кісенімді қалдырамын.

Мынау жермен кім жүрді, кім?
Бұғауға көп сүйенбелік.
Менен қалса, шынжырды бұл
басқа біреу киер келіп.

Саған айтар бір кеңесім:
Қорықпашы,
заман үдеп,
бос қалар деп түрмені осы,
шынжыр иесіз қалады деп.

Күзетесің... түсінбейсің...
бітпеді ме ой таяқ құрлым.
Сен ғой мені мүсіркейсің,
ал, мен сені аяп тұрмын.

Білем сенің түсің жылы!
Қарап қалдың нағып үркіп?
Қануы үшін ұйқың бүгін,
Тұтқын болам тағы бір түн,

Содан кейін:
бүгінгідей
ақыл келмес басқа да ұдай.
Бұза берер түріңді үрей,
Мылтығыңды таста былай.

Көп қадалма қыр ұлына –
Көзінді құр талдырады.
Өзім кетсем, орыныма
бұғауымды қалдырамын.

Кісенді үзем, батпады адам,
қабырғаны қажап тестім.
Айтпақшы, әлгі ат қорадан
алған жоқ па бөз атты ешкім?

Жаппай-ақ қой, қораны да
бақпай-ақ қой түрме есігін.
Қара тонға оранып ап
Ұйықташы, дос, бір көсіліп.

Ертең кетем,
енді асылы
үлгірмеспін –
кетем, кетем,
кең далаға – жолға шығып,
аз боз атпен тепеңдетем!

Кетем, кетем, ар-үнім шын
Солай дейді – көну керек.
Мынау торда қалу үшін
тым есуас болу керек.

1967