(Монолог)

               Поэзия – не тронутая красавица
                                                             Блок

Елең қақты айнала,
бұғып бұта, шөп қашты.
Бұлақ қалды аймалап,
Жағадағы көк тасты.

Аймалайды жел еппен,
«Кет әрі» емес тас-тағы...
Ал, мен болсам, кенеттен,
Шабуылды бастадым.

Сенің жүзің жанды оғаш,
Гүл ерінің үлбіреп.
Жалынышпен аралас,
Жанарыңда тұрды үрей.

Іштей ұят сезіндім –
бар ғой бірақ борышым.
Сүймейсің сен – өзің біл,
Кінәлісің сол үшін.

Қалжың айтам, түсінсең,
Шыншылдық та бар мұнда.
Сұлулығың үшін сен
Кінәлі едің алдымда.

Қой, таласпа, жақ ашпа –
Сөзден асқан бүлік жоқ.
Байқап тұмай о баста,
Нең бар еді сұлу боп?!

Көрініп тұр бәрібір
Кінәң сенің,
тұтылдың:
Суын ішкен бөрінің
Қозы байғұс сықылды.

Сұлулығың, біл, сорың,
Кейін – бақыт болады.
Сұлу еткен, Жыр, сені
ақынға бар обалың.

Жыр сыбырлап жылады,
бұлақ салды бұлтаққа.
Көлеңке боп құлады,
төбедегі бұлт аппақ.

Содан кейін не болды? Онда аз ісім,
Жақтырмаған жанарлардан үрікпедім.
Тұңғыш мәрте қоян алған тазысы,
Жас аңшы деп құттықтады жұрт мені…

1980