Шіркін өлең!.. Күркіреген толқындар,
Осынша үнді барады өзен қайда алып?
Мұнда қандай құдірет бар мен тыңдар,
Көрсем бе екен ойланып?
Селк-селк еткен секілденді дөң үсті,
Тентек толқын төбелесті, өлісті...
Акырында бәрі бірге ағуға
Келісті.
Өйткені олар барады екен бәрі алға –
Алға жүру керек еді маған да.
Мен ойланып тұрғанымда шет қалып
Көп толқындар кетті ағып...
1963