Күн батты, көтерілді түтін қыңыр;
қайда әлгі жапырақтың бүтіндігі:
саудырап өрім-өрім бұталар тұр,
диуананың шапаны сықылды бір.

Жел қайда соғатұғын көлге қарап?
Құшты самал шалғынды белден орап.
Күздің жомарт екені рас білем –
ағаштарға берді алтын теңге қадап.

Сұйқыл тартып шикі айран-шалапша әлем,
шұбырған бұлт бейне бір арабша өлең.
Ай дөңгелеп аспанға шыға келді,
жиырма тиын сықылды (жаңа ақшамен)...

1967, 1982