Алатауың – Абай жазған өлеңдей,
жаратылған мықты болып «өлердей».
Қатып қапты тағдырына мас болып,
«құдайына» не жалынбай, не көнбей.

Ал, төбелер?
Төбелер ғой – дау қанша,
көгерер ғой қазан қары жауғанша.
Төбе шығар асқар Алатауды сол
қазақшадан орысшаға аударса.

1967