Ұйыс-ұйыс бұлт шашы – тарамаудан болды ма,
қуыс-қуыс тастары – қарау ойлар болды ма,
қойнаулары түнек бір – қиянаты секілді,
көрсетуге жүректі – ұялатын секілді.

Еті өлген-ау биікке –
бауыры тас, басы өлік,
еңкеймеуі шыңдардың өскендіктің әсері.
Қата-қата тас болып көніп кеткен секілді,
өсе-өсе, ақыры, өліп кеткен секілді…

1967, 1982