Өнерлі жан қайысса – тіршілік қой,
тағдыры оның – майысқақ бір шыбық қой:
қалай исең олай и – арқаңды осар;
ондай кезде хақың бар, күрсініп қой.

Шыбықты жұрт, ойлама, сүйеді-ау деп,
ойла одан да соққан қол киелі-ау деп;
шыбық осқан жерлерде сүйек-ау деп,
оған тиген – маған да тиеді-ау деп.

Өнерлі жан қайысса – байқалмайды,
не көтеріп жүргенін айта алмайды.
Кімге тисе сол шыбық оған тисін,
тек өнердің арқасы қайқаңдайды.

Ән-жыр болсын ұғынып көздегенің,
тағдыр болсын ғұмыры төзбегенің;
өнер қанша әдемі болам десін,
өмір бірақ істейді өз дегенін.

1967