Үміті көп күндер жақсы,
ұйқың қап,
жанып тұрып ән айтасың, күй тыңдап.
жан желігің елге сыймай, үй тұрмақ,
Жар белінен құшақтайсың «сиқырлап».
 

Өкінішті түндер жаман,
ұйқыңды ап
бітер бәрі – жанды ерітер күй тұрмақ.
Ән орнында – жөтел қалып қиқылдап,
жар орнында – төсек қалып шиқылдақ.

1967, 1982