Өтті, өтті, бір түн өтті, өтті күн,
сүйенгенім – келер күннің көптігі.
Кеше тартқан күйді бүгін ұмыттым,
кеше тапқан дос жанымда жоқ бүгін.

Өтті,
өтті... домбырамның сазды үні,
жүрегімнің қайғысын қаз, қаз мұңын,
қазып, қазып шығар асыл мазмұнын...
Қастарымның, қинайтыны, көптігі,
достарымның, сыйлайтыным, аздығы.

Бірақ, бірақ шатағы сол, шатағы:
кеше батқан ай бүгін де батады,
кеше еріткен – ерітеді бүгін де,
алғы күннен түңілме, дос, түңілме.

1967, 1982