Бала боппын:
бақ талап,
ойламаппын ғұмырда;
жалғыз ұлды қақпалап,
өзіңді шын ұғуда.

Бала боппын:
көрдің бе,
бата алмаппын дірілдеп,
сенен өзгелердің де
жақсы екенін білуге.

Есейіппін:
қызумен
жүріп қалып кешқұрым,
кешіккенде
жүзіңнен
бір суық сөз естідім.

Есейіппін:
бүгінгі
қабағыңнан түсінген,
және де...
өз мінімді
ойлай-ойлай ішімнен.

1967, 1982