Қиын билет – бар жауың,
құлатқанда бірер кеп,
сенің қайғыра алмауың, –
қуанбаудан білем деп.
Бірақ кейбір «қатені»
түзетем деп жүрмеңдер:
Миғұлалар «екі» алып,
«бестік» алса білгендер.
Бәрін оқып,
бірін тек
үлгірмесең зорыға,
суырғанда дірілдеп,
сол ілігер қолыңа.
Қол шыққанда барлығы
сәттілік ап келетін.
Қырсыққанда: барлығы
оқымаған билетің.
1967, 1982