Түнгі дауыс
кетеді екен тым алыс,
сенсің маған түнгі дауыс, қуаныш:
«адастым-ау» деген күдік
көңіліме алаң сап,
құлағыммен аулағанда
күшік даусын жарамсақ,
тарыққанда қоналқы аңсап, ел аңсап,
дыбыстап ем адасқанымды ұқтырып –
сенің итің шықты үріп.

Адастырып бітті бізді бұ тірлік...
Сенің әлі достарыңа үргізер
ит асырап жүргеніңе шүкірлік.

1983