Құлағымды жеп бітті,
деді, деді, дәрігер де деп бітті,
Ішің пысса анда-санда ұрттап ал,
бірақ шылым шекпе деді жұрт маған.
Таза ауа жұт – өкпе, қолқаң аршылар,
қолқаңды аршып сақта деді дәрігерлер –
жаршылар.
Бәрібір ғой, бітер бір күн жарығым,
шылым шегем,
шекпесем де бәрібір,
дедім, дедім: бір ажалым бар шығар?!
Білгеніңді пұл көтеріп, пұт етіп,
қайтесің, дос,
жаныңды өзің күте тұр.
Өлім іздеп келер болса тегінде,
Мен-ақ іздеп соқтығайын өлімге –
дедім, дедім – түтінімді түтетіп!
1983