Күй атқарар жұмыс бүгін көбейді,
түк қалмады молла аталған сорлыға.
Өлгендерді – өлген екен демейді,
күй тартады, иман айту орнына.

Күй атаулы алға қашар ұдайы,
ұста жылдам –
пернелерді қуып бер.
Болмаған соң баска жастар құраның,
бір домбыра ұстау керек, жігіттер.

1967