Мен кетер ем өлеңнен,
үмітіммен, мынау шөкім-денеммен,
бүкіл осы тірлігіммен кетер ем.
Кетер едім, айыптар ем ішімнен
адамдарды – мені ақын деп түсінген.
Жапырақтай күзгі ағаштан төгілген,
аяқтарды аттатар ем белімнен.
Түндерді еске ап көз ілдірмей өткізген
өзімді-өзімді келеке етер едім мен.
Тілегім де болмас еді басқа онша –
Тек бір адам мені шындап жоқтаса...
1965