Ғұмыр деген бір ұзақ күй болады,
бар ғой менің сатып алған домбырам.
Перне сайын өрмелесем жоғары,
егіз ішек бола алады жол бұған.
Жылдар – перне; саусақтарым сабылып…
әр пернеден бір-бір арман жанады.
Бір пернені бассам кейде жаңылып,
одан әрі тартқым келмей қалады.

1965