Бұл дүниеде бар екенімді өзімнің
сені көріп, саған қарап түсінем –
Мен айтпаймын өзге жанға сөзді бұл,
сен тыңдама менен өзге кісіден.
Әлемдегі жарық құнын, от құнын
уғу үшін тоңып қанша керегі!
Онсыз-дағы жанған оттың көптігін
сөнген күлдер соқыр боп-ақ көреді.
Семсер ұстап көрген емен бас кесіп,
бас қадірін білмегеннен емес ол.
Мен де қалам кейде жұртпен бәстесіп,
сол бәсіңді ала алмадың демесең.
Тұрар едім жауым бар деп аттан сап,
достарым мен ұятымнан именем.
Жауды көріп өз күшіме мақтансам,
досты көріп сол күшімнен жиренем...

1965