Терек, қайың; гүл мен тікен; жас, кәрі –
қалтылдайды сап-сары шөп бастары.
Көңіл желін бұлтпен басып тастады;
күзгі өңірдің шаттығы да сап-сары.
Сары бәрі, тек асау шың тұр аппақ,
асау шыңды күн мінеді құлақтап.                                                                                                                                                  Теңселеді алтын емен күңіреніп,
әр бұтағы бір-бір батпан мұң болып.
Сап-сары жел бәрін-бәрін қуғындар,
боз аспан тұр қылау бүркіп, суытып.
Жас жігіттен сырт айналар сұлулар
көктемдегі ғашықтығын ұмытып.
 

Қызыл перде қыз әйнегін жаңағы,
жігіт емес, сары жапырақ қағады...
Күн сараңсып сарғыш сәуле құяды,
сарғыш тартқан секілді ғой сия да?
Қыз алдында көктемде айтқан сөздерін
Жігіт те енді есіне алар ұяла...

1965