Айқай салдым. Шыңның шұбар тастары
дүркіреп кеп түсіп жатты табанға.
Жиырма жылдық желікті оймен бастағы
айналаны бір сілкінтсең – жаман ба!
Жо, жоқ, баурым, қызғын тілдің сөзі бұл,
Мен – шың үшін үн қатамын шалғайдан.
Жаңғырықсыз ұлылығын өзінің
білер еді шың қайдан?!
1965