Көк те жұлдыз, жер де жұлдыз – бәрі ұшқын,
жұлдыздардың сәулесімен жарыстым.
Жері қайсы, көгі қайсы – кім білсін,
жер мен көктің арасында бір гүлсің.
Нәзіктікке табынғандар,
сәуленің
жалғыз ғана дір еткенін жыр қылсын!
Көз алдымның бәрі жұлдыз – бір керім,
көк болды ма жер деп менің жүргенім!
Шойын-бұлттар Күн нұрынан балқыды:
соның бәрі өтеді
адамдардың жүректері арқылы.
Арқасынан асыл болаттардың біз
таспа тіліп жүрміз көп –
сом балғадан ұшқын ұшты жұлдыз боп.
Жұлдыз болып жарқырамас қандай жан!
Жұлдыз болып терім тамды маңдайдан.

1963, 1982