Күркіреген толқындар,
осынша үнді барады өзен қайда алып?
Мұнда қандай құдірет бар мен тыңдар,
көрсем бе екен ойланып?
Жақпар-жадау, түк сезбейді дөң үсті,
ал, баурайда көп толқындар төбелесті, өлісті...
Ақырында бәрі бірге ағуға
Келісті.
Өйткені олар барады екен бәрі алға –
Алға жүру керек еді маған да.
Мен ойланып тұрғанымда шет қалып
көп толқындар кетті ағып...
1963, 1982