Бел балаң ем, есейін бір шынығып,
заводтарда болат илеп, шыны үгіп.
Семіруге келгенім жоқ өмірге,
аулақ жүріп, ауа жұтып, тынығып.
Жаңа ғана тәй-тәй басқан жасыңмын,
Сәби сын-ды талабым зор масқара.
Жаспын, бірақ жасық емен, жақсы ана,
еркелеп кеп мойыныңа асылдым.
Жомарт халық ұлы едім мен – жарқын жан
Әр сезімнің қанаты отқа шарпылған,
әр тамшымның түбіне ерек бал тұнған...
Салмақ алсам қорғасыннан сендегі,
жалтыл алсам деп ем сендегі алтыннан.
1960, 1982