Көк балауса егілер,
Көгерер-ау тал, шынар.
Тал, шынардан төгілер
Моншақ-моншақ тамшылар.

Сол моншақтай мөлдіреп,
Сол тамшыдай дір қағып
Мен қараймын елжіреп,
Сен қарайсың ұрланып.

Бұлттар, бұлттар, ақ бұлттар
Жайлайды ғой тау басын.
Дауыл да бар, дақпырт бар –
Бұлттар қайтып жаумасын!

1960, 1982