Мияулайды ол
есігіме тырмысып;
дос жақтауды, белгі берді, тырналап –
жата бердім терезеге бір қарап.
Түн ортасы ауған шақта ұрлана
тереземе сен де жеттің сырғанап.
Сыр еткіздің әйнегімді тырнап ап –
жата бердім есік жаққа бір қарап.
Сыңғыры боп жат қолдағы теңгенің
тағы азаптай келіп пе едің сен мені?!
Түн жарымда мияу қағып, еңіреп
мысық сорлы баспана іздеп келіп ед –
екеуіңе де есік ашқым келмеді:
біреуіңе есік ашпан – терезеден түс қарғып,
біреуіңе есік ашпан – оянады ескі
ықылас-құштарлық.
Мысықтардың елі сын-ды ұрулы
сен де ұқпадың күн барында кіруді:
көксегенің – ұрлық, ұрлық, кіл ұрлық.
Сені еске алсам...
қоя беред тызылдап
тырнақтыдан қалған жара бір улы.

1983