Ақ бор жазбайды екен де
тақта қара болмаса.
Жаза алмайды екен қара сия да
дәптер әппақ болмаса.
Ақ кеудеме қара дақ боп ұялап,
жеке адамдар жасағанмен қиянат,
түсің сенің ақ-ау деймін, дүние,
Әйтпегенде болар еді сиям – ақ?!

1983