Талай-талай бұталардың құсы ұшты,
жапырақ ұшты талай-талай бұтадан –
дүние одан жұтаған жоқ,
жұтаған
көңілім ғана қалды кей сәт құлазып.
Жұтағанға күлкі – қорек,
мұң да – азық.
Қасқа болып шықты біреу шаш түсіп,
Шаштың-дағы келгені ғой қашқысы
ойлы бастан;
қасқа болмай қайтеді,
қасқа бастар – басқа болмай қайтеді?!
Бұталардан кетті ғой деп құс та ұшып,
жапырақтың да кеп тұр ұшып түскісі,
желп-желп етті Алатаудың тұс-тұсы:
бұ дүниенің ең ауыры, күштісі
тастардың да келді білем ұшқысы!

1983