Бір түйір дән сыңғырап жерге түсті –
Тау, Дөң, Дала жабылып тербетісті.
Жеңіл әйел секілді ала етекті,
Ұйтқығанда сол дәнді жел әкепті.
«Қайдан?»
«Қашан?»
«Қалай?» деп Желден ешкім
Сұраған жоқ (сұрайтын мен де емеспін).
Дән өсті тек,
Тоғайды ел,
Молайды астық –
Қоныстастық, нан үшін, қолайластық.
Күн шуағы дәм берді, өмір келді –
бұлт жылады,
Жапырақ көңілденді.
Алыс тартып тек қыңыр мақсат тұрды...
Санын сабан ақ бұлақ сақ-сақ күлді.
«Қайдан?»
«Қашан?»
«Қалай?» деп одан-дағы
ешкім сұрап бос әлек бола алмады...
Әр жанардан «дос», «жау» деп сыр ұғыстық,
өмір үшін достастық, қырылыстық.
Желдің демін мен де іштім – тыншымадым,
Татып келем нанды да, күн шуағын, –
Қызу дарып бойына – шым-шым ағын
шуаққа аунап күшік-тірлік қыңсылады...
1980