Қарт тікенек жолдағы – ақымақ па,
етегімнен тоқтатты іліп мені:
– Бұта да көкке қарап көсіледі,
Сен нағып өсе алмайсың осы? – деді.
– Бұта да емен,
емеспін жапырақ та,
Күн сүймесе – қайтейін,
Көнем, мейлі;
Мен – тамырмын, тараймын топыраққа,
Тамыр өссе – тек қана тереңдейді.

1980