1
– Қайда тарттың, қара жол,
алдау ма әлі бас қайғың?
– Сүйе білген жүректі
суынуға бастаймын.
– Өртеп үміт, қайғы ішті,
талас құрам десеңші,
тағы да бір байғұсты
адастырам десеңші!
– Адал мақсұт мендегі,
түсінігің неге ескі?
Сенен өңге пендені
адастырған емеспін.
– Жөнел онда, қара жол,
мен де сенен түңілгем.
– Ескілікті жаңамен
Жалғамақ ем бүгін мен.
2
– Баста, ақ жол, ал бізді,
көтерейік еңсені.
– Күйеу алған сол қызды,
сүймейді әрі ол сені.
– Досыңа апар онда әлгі,
сырласайын бір түн мен.
– Досыңа бақ қонған-ды,
шошып жүрер күлкіңнен?
– Шарапқа өзім сенбеймін,
ал, әсері – әдемі.
– Оның жөні келмейді.
тағы кімің бар еді?
– Қарауытып жолығар,
құрсын қолды қысқаны –
ақылы бар, жөні бар,
бірақ ол бір дұшпаным.
Мысқылы ащы, көңілді,
тәңір соққан бір бет қып.
– Жаңа таптың жөніңді,
ал, бастадым, жүр, кеттік!
1978