Абайласаң: ақымақтың бәрі епті,
өзге жұрттан қылмыстылар әдепті.
Ал, мынаның сөзі – құран,
үні – иман:
жылан да, әне, секілденді жымиған.

Бір жаман ұл жанашыр боп тұр көпке,
жақсы ойласа – жаманды да құрметте.
Зұлымдық пен Ерлік – қалың том екен,
Махамбет пен Ықылас жүр бір бетте.

Уа, дірдекте!
Ептілерді, ел күтіп, бақ,
жан – жалаңаш,
ал, қытықтат, қытықтат...
Жомарт жігіт тырналайды қалтасын
шыдам атты алтын пұлы бітіп қап!

Шыншылдардан ұрылары әдепті,
тау-қыраннан тарғыл мысық тәбетті.
Бүйірімнен бір ызғардың табы өтті –
жүрек байғұс салып жатыр әлекті...

1978