Тіл секілді сүйрең қағып құм көшті,
көшкен құмға ай менен жыл мінгесті.
Желдің сумаң саусақтары бір түрлі
сүртіп жатқан сықылды ескі жұртымды.

Дүркіреп кеп көшті қаңбақ, жел есті;
құмдағы ізім онсыз дағы көмескі –
жел сол ізді жуып жатқан сықылды,
топырақтан қуып жатқан сықылды.

Жел алдында жерге басын ұрады
ши шырқырап, мені қорғап тұр әлі.
Жыңғыл жылап жасыл шашын жаяды,
қыр бұлдырап мені аяйды баяғы.

Ішін тартып есіріп жел тұр ұлып,
көне құмды көсігімен суырып
о да еңіреп жүргізеді әмірін.
...Тереңірек бірақ менің тамырым.

1978