Маған десең бір күнде – сан масайра, қайрат тап,
қалам десең бұлбұл боп – сайра, сайра, сайрап бақ.
Ұғынбасаң, титтей құс, бар бақытың – көмейде,
Тілімді алсаң сөйт, байғұс,
Көмей сені демейді.

Торықпа сен жалғыз қап ойыңды үрей мекендеп,
қорықпа сен байғұздан – бойым бірдей екен деп:
Үрей деген немене – бір шырқа да соқ бүктеп,
Сен – бұлбұлсың сондықтан
байғыз ба?

Ол... (көп нүкте.).
Жетер еді ғаламға сенің үнің – ептесе,
Жомарт жандар бірақ та татырмайды – төкпесе.
Қайда, қашан тесілсең тығырықтай – жассың ғой,
Сайрамасаң несің сен?
Жұдырықтай тассың ғой.
Әсте керек ішіңде үрей болса – қайрат та,
Әшкерелеу үшін де байғыздарды – сайрап бақ,
О, керемет тағдыры берекесіз бір істің,
О, керемет ән-жыры,
Мерекесі дыбыстың!

1967